«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын орындау аясында
2025 жылы 27 қараша күні №6 орта мектепте «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын орындау аясында ата-аналар форумы өтті. Форумның мақсаты — қазіргі қоғамдағы отбасының рөлін нығайту, ата-аналардың балалар тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ отбасы мен мектеп арасындағы тиімді әріптестік байланыстарын дамыту. Форум жұмысына «Жібек жолы» округі ардагерлер кеңесінің төрайымы Досумбаева А.А. және Тараз қаласы ардагерлер кеңесінің мүшесі Нүсіпбекова С.Ж. қатысты.